«Шұбаркөл көмір» кеншілері көмірді ашық әдіспен молынан алу әдісін тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның кеншілері кәсіби мерекесін жаңа өндірістік табыстарымен қарсы алды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

«Еуразиялық топқа (ERG) кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның ұжымы көмірді ашық түрде өндіретін кәсіпорындар арасында өндіру бойынша тек Қазақстанда емес, ТМД аумағында ең жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізген. 2015 жылдың 7 айының ішінде компания тұтынушыларға 4,7 млн. тонна көлемінде көмір тиеген, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 150 мың тоннаға көп», - делінген хабарламада.

Ол сауатты менеджмент пен жоғары кәсіби кадрлар, өндірісті жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстың арқасында мүмкін болғаны атап өтіледі. 2015 жылы кәсіпорын 10 млн. астам тонна көмір шығаруды жоспарлаған.

Шахтер күні қарсаңында «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның қызметкерлеріне ведомстволық наградалар тапсырылды. №1 автоколоннаның жүргізушілері Әмір Блохинцев пен Анатолий Варламов, жабдықтарды жөндеу және монтаждау учаскесінің фрезершісі Мұрат Тоқпанов, шаруашылық жұмыстары учаскесінің ағаш ұстасы Марат Сейдірахманов «Шахтер Даңқы» белгісінің толық кавалерлері атанды.

Соңғы жаңалықтар