Щучьеде велоспорттан тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Щучье қаласында велоспорттан тасжолдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Щучьеде велоспорттан тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: ҰОК

Республикалық турнир аясында ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы ең мықты спортшылар анықталады.

Жүлделер жекелей жарыс, топтық жарыс және командалық жарыстар бойынша сарапқа салынады.

Қазақстан чемпионаты 19-28 маусым аралығында өтеді.

Бұдан бұрын Қазақстан тректегі велоспорттан халықаралық жарыста екі жүлде жеңіп алғанын жазғанбыз.