Щучьедегі студент өлімі: Суицидке итермелеу және ақша бопсалау бойынша екі іс қозғалды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ІІМ орталық аппараты мен Ақмола облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, Щучье қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу үшін оқиға орнына шықты, деп хабарлайды Kazinform облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

суицид
Фото: Kazinform

- Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу), сондай-ақ қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсалаған деген арызымен ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылғанын хабарлаған едік. 

Президент Щучье қаласындағы студенттің өлімін бақылауына алды

Соңғы жаңалықтар