Шучинск-Бурабай курорттық аймағында өртке қарсы инфрақұрылым дамуда

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Ақмола облысы Бурабай ауданында жаңа өрт депосы ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.
None
None

Жаңа үш өрт депосының құрылысы Президент жарлығымен бекітілген Щучинск-Бурабай курорттық аймағының мемлекеттік даму бағдарламасы аясында салынады деп жоспарланған. Солардың бірі - Щучинск қаласы Заречный шағын ауданында мамандандырылған 24-ші өрт сөндіру бөлімі, оның ашылуы Астана қаласы күніне арналып отыр.

Өрт депосы 6 өрт сөндіру техникасымен жабдықталған, деп атап өтті баспасөз орталығы.

Соңғы жаңалықтар