Щучинскідегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 3-тармағына сай, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша қозғалды. 

ЧС
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал Ақмола облыстық ТЖД хабарлаған соңғы мәліметке сенсек, Щучинскідегі кафеде газ-ауа қоспасы жарылысы салдарынан 7 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 28 азамат жараланып, олардың 13-і ауруханаға жеткізілген. Соның ішінде 8-і медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді. Бұдан бөлек оқиға орнында 10 кісі құтқарылған.

— Өрт сөндірушілер жедел қимылдап, отқа оранған дәмханадан әрқайсысы 50 литрлік 5 газ баллонын және 2 оттегі баллонын шығарды. Соның арқасында нысанда қайта жарылыс болуының алдын алды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге, Ақмола облыстық ТЖД аталған жайтқа қатысты 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша ашылған жедел желі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Щучинскідегі кафеде газ қоспасы жарылғаны жөнінде жазғанбыз.

Сонымен қатар, жарылыстан зардап шеккен 5 адам Көкшетау ауруханасына ауыстырылғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум