ШҰҒЫЛ: Ақмола облысында жол апатына кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі полицияның күзетуімен ауруханада жатыр

  АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық ІІД-нің жол полиция басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ақмола облысында 19 тамыз күні болған ірі жол-көлік апатының қазіргі кезде негізгі кінәлісі деп танылған жүк көлігінің жүргізушісі тірі және орташа ауыр халде ауруханалардың бірінде жатыр.

ШҰҒЫЛ: Ақмола облысында жол апатына кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі полицияның күзетуімен ауруханада жатыр

Оның есімі тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. Жүргізуші болса, ауыр жағдайына қарамастан полиция қызметкерлерінің күзетінде.

Сондай-ақ баспасөз қызметінен жол-көлік оқиғасына тап болған автобус пен жеңіл көлік жүргізушілерінің көз жұмғандары хабарланды.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 19 тамызында сағат шамамен 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 14 адам оқиға орнында көз жұмып, 20-дан астамы жарақат алды. тағы екеуі ауруханада қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасының фактісімен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.