Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҰҒЫЛ: Ақмола облысындағы жол апатынан қаза тапқандардың 16-шысы Қарағанды тұрғыны

  АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық ІІД-нің жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінгі күннің аяғына қарай Ақмола облысындағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың тізімі толықты.

ШҰҒЫЛ: Ақмола облысындағы жол апатынан қаза тапқандардың 16-шысы  Қарағанды тұрғыны

Аршалы орталық аудандық ауруханасында Қарағанды қаласының тұрғыны, 01.01.1950 жылы дүниеге келген Житников Сергей Анатольевич 16-шы болып көз жұмды.

Сондай-ақ баспасөз қызметінен қазіргі кезде 13 адамның мүрдесінің аты-жөні анықталғанын, алайда қаза тапқандардың тізімі бүгінде жариялануға жатпайтынын хабарлады.

Апат салдарынан қаза болған басқа адамдардың аты-жөндерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 19 тамызында сағат шамамен 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 14 адам оқиға орнында көз жұмып, 20-дан астамы жарақаттар алды. Тағы екі адам кейіннен қайтыс болды.