20:26, 25 Мамыр 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Алматы облысында жас әйел өзінің 5 және 12 жастағы балаларын пышақтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, шамамен бір сағат бұрын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында жан түршігерлік оқиға болды - 30 жастағы ана өзінің 2001 және 2008 жылдары туған балаларын бауыздады.

Облыстық прокуратурадан мәлім еткендей, кеуде қуысына алған пышақ жарақаттарынан 5 жасар бала қылмыс орнында мерт болды, 12 жастағы ұл ауданның жан сақтау бөліміне жеткізілді.
Әйел ұсталды, тергеу жүргізілуде.