Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҰҒЫЛ: «Алматы-Ташкент» автожолында көлік апатында 6 адам мерт болды - ҚР ТЖМ

 АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жол-көлік апатында 6 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

ШҰҒЫЛ: «Алматы-Ташкент» автожолында көлік апатында 6 адам мерт болды - ҚР ТЖМ

Жексенбі, 18 наурыз күні Жамбыл облысында, кешкі сағат жеті жарым шамасында «Алматы-Ташкент» автожолының 185-інші шақырымында («Қордай» асуы) «Ауди» және «Тойота» көліктері соқтығысты.

Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында «Аудидің» 24 жастағы жүргізушісі мен 1992, 1986, 2005, 2007, 2009 жылы туған - 5 жолаушысы мерт болды.

Түрлі жарақаттармен «Аудидің» 1982 жылы туған, «Тойотаның» 1996, 1957 және 1953 жылы туған жолаушылары ауруханаға жеткізілді.