18:05, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Алматы-Ташкент тас жолында КамАЗ аударылды - жүргізуші қаза тауып, цистернадан мұнай төгілуде
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл олысының ТЖД құтқарушылары қазіргі уақытта Мерке ауданындағы Алматы-Ташкент тас жолындағы орын алған апатты жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметінен.
Қайғылы оқиға туралы белгісіз біреу 112 телефоны бойынша хабарлаған, ол Мерке ауданында Алматы-Ташкент автожолының 346 шақырымында КамАЗ автоцистернасының аударылғанын айтқан. Көлік аударылғандықтан, цистернадан мұнай (дизель отыны) төгілуде. КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, оның жеке мәліметтері анықталуда.
«Апат орнына Жамбыл облысының ТЖД-дан Мерке ауданының ТЖ мамандары, ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта жанармайдың төгілген көлемі анықталуда», - деді облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.