ШҰҒЫЛ: Алматыда кәмелетке толмаған екі бала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды

АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен бозбала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды.
None
None

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға орнына жеткен Медеу аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары 1995 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, ер баланың және 1998 жылғы Алматы облысының тұрғыны, қыз баланың мәйіттерін тапты.

Бұл оқиға бойынша хабар 28 мамыр күні кешқұрым сағат 21.30-да Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түсті. Ажал құшқан баланың анасы ұлының ізім-ғайым жоғалып кеткені туралы Жетісу аудандық ІІБ-ге арызданғаны анықталды.

Сот-медициналық сараптаманы өткізу үшін денелер мәйітханаға жөнелтілді. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар