ШҰҒЫЛ: Алматыда тағы бір ұшақ оқиғасы орын алды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Скат» авиакомпаниясының «Тараз-Алматы» рейсін орындаушы АН-24 ұшағы Алматы әуежайына қону кезінде жолдың шетіне шығып кетті, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметінен.
Ұшақ бортында 20 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Қона салып, жолаушылар дереу қауіпсіз жерге көшірілді, ал ұшақ тұраққа әкетілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бұл оқиғаға байланысты Алматы әуежайында кідірістер болған жоқ, оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Дәл осыған ұқсас оқиға 5 ақпан күні Италияда орын алды. Румындық Carpatair компаниясының ATR 72 ұшағы Римдегі "Фьюмичино" әуежайына қону кезінде жолдың шетіне шығып кетті.