ШҰҒЫЛ: Алматыда таңертең жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 қазан күні, Алматы уақыты бойынша сағат 07:18-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BNews.kz «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ сілтеме жасап.

ШҰҒЫЛ: Алматыда таңертең жер сілкінісі тіркелді

«ҚР БҒМ СТӘЭ ҒК» ММ мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 830 шақырымда Ауғанстан аумағында орналасқан. «Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. Тербелісі MPV 5.5. Жер сілкінісінің ошағының координаты 37.16° с.е. 71.23° ш.б. Тереңдігі - 180 шақырым. Елеулілігі туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ», - деп атап айтылған хабарламада.