ШҰҒЫЛ: Астана тұрғыны - «Благодать» миссиясының мүшесі «параноидальдық шизофрения» диагнозымен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - «Астанадағы «Благодать» қайырымдылық миссиясы» діни бірлестігінің жұмысы елордалық ішкі істер департаментінің назарына ілікті.
None
None

Ақпарат бойынша, оған келіп жүрген мүшелерінің бірі - Астананың 34 жастағы тұрғыны діни қызметке кезекті рет барғаннан кейін ауруханаға «өзіне-өзі қол жұмсаудың жоғары қаупі бар параноидальдық шизофрения» диагнозымен жатқызылды. Аталған фактімен ҚР ҚК 103 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Істі анықтау кезінде дәрі-дәрмек заттарын зерттеу Орталығының қорытындысы бойынша,   «Благодать» діни бірлестігінің пасторы қызмет кезінде мүшелерге құрамында фенол тобындағы заты бар, сондай-ақ жалған елес күйіне жеткізетін, адамды масаттану және босаңсуға ұрындыратын қоспалары бар қызыл түсті сусынды беретіндігі белгілі болды.

«Благодать» ДБ-нің ғимаратын тексеру барысында сусынның үлгілері мен алдын ала болжам бойынша діни алауыздық пен қастықтың белгілері бар, сол арқылы психологиялық-филологиялық және діни сараптама өткізілетін  кітап табылды.

Бұдан басқа ғимаратта «Үміт-Надежда» баспасының баспаханасы әшкереленді. Онда Дін істері жөніндегі агенттіктің тиісті рұқсатынсыз діни баспа өнімдері шығарылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар