ШҰҒЫЛ: Атырау облысында күдікті лаңкестерді ұстау бойынша жүргізілген арнайы операция барысында 2 адам ұсталды
АТЫРАУ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысының Құлсары қаласында лаңкестік актілерді іске асыруға дайындалған күдіктілерді ұстау бойынша жүргізілген арнайы операция барысында екі адам ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, лаңкестік қызметті іске асыруға әрекеттенген, көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде қоршауға алынғандар өз еріктері бойынша полицияға берілуден бас тартқан болатын. Операция барысында 5 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақаттанды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкері де жарақаттанды.
Бұл операция аяқталғаннан кейін, арнайы қызмет тағы бір үйді қоршауға алды. Тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Пәтерлердің бірінде болжам бойынша 25-30 жастардағы екі адам ұсталды.