07:36, 11 Қазан 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Атырауда газ жарылып, үш адам ажал құшты
АТЫРАУ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда газ жарылысынан 3 адам опат болды, біреуі зардап шекті.

Қаза болғандардың бәрі - Өзбекстаннан келген бір отбасының мүшелері. Олар жекеменшік үйдің ауласындағы уақытша баспанада тұрып жатқан. Сонымен бірге оқиға орнында болған Тараз қаласының тұрғыны зардап шекті.
Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, жарылған жердің опай-топайын шығарып, ауланың қақпасын ондаған метрге дейін ұшырып жіберді.
Жарылыстың себептері анықталуда. Оқиға орнында арнайы комиссия мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.