ШҰҒЫЛ: Атырауда ҚІІБ-ның ғимараты мен кезекшіге жасалған шабуылға қаруланған қылмыскерлер тобы қатысты
АТЫРАУ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атырауда Қалалық ішкі істер басқармасына және полиция кезекшісіне жасалған шабуылға 8 адам қатысты, деп хабарлады атыраул өңірлік «Ақ Жайық» апталығы.
Болған оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруге тырысқан құқық қорғау органдары қызметкерінің сөзіне қарағанда, бұл лаңкестердің тарапынан алдын ала нақты жоспарланған операция болды. Оған 4 адамнан екі жеңіл көлікке отырған - 8 адамға дейін қатысты.
Махамбет-Исатай алаңында полиция кезекшісін жаралаған 4 адамнан тұратын бірінші топ бейнекамераның нысанына ілікті. Олар алаңға ақ түсті «Нексия» көлігімен келген. Бұны, қалада осы маркалы көліктердің жаппай тоқтатылып, жүргізушілерден із саусақтарының таңбасы алынып жатқан факті растайды.
Кезекші бригадалар шабуыл туралы хабар алып, дереу Махамбет-Исатай алаңына кеткен кезде қаруланған адамдардың екінші тобы КІІБ ғимаратының алдына келді.
«Олар ғимарттың кірер жағына жарылғыш заттарды лақтырып, полиция қызметкерлеріне қарудан оқ ата бастады. Кейін кезекшілік бөлімінің жағына және үстіңгі қабаттарға алып баратын баспалдаққа тағы да бір жарылғыш затты лақтырып жіберді. Содан кейін артқы аулаға шығатын қарама-қарсы есіктің жанына барып, алаңға жарылғыш затты лақтырды. Олардың қолында оқ жаудырған Калашников автоматтары болғаны жайлы дәлел бар. Сол түні ҚІІБ-да қаруланған екі полиция кезекшісі жұмыс істеу керек болатын. Қазіргі уақытта олардың қаруды қолданбағанына байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде», - деп жазды басылым.
Бірнеше жарылыстың болғаны жайлы және ұзақ уақытқа жалғасқан атыстар жөнінде ҚазАқпараттың тілшісіне сол жерге жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары айтты. Бір ғана жарылыстың болмағаны жайлы ҚР ІІМ-нің таратқан баспасөз хабарламасында жазылды. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.
ҚІІБ-на шабуыл жасап, кейін еш кедергісіз іздерін суытқан қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.