ШҰҒЫЛ: Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының учаскесі жабылды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының учаскесі жабылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
None
None

Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сағат 13.35-тен бастап  «Алматы-Екатеринбор» тас жолының «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» учаскесі қоғамдық қозғалыс үшін жабылды.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше сағат 21.15-тен Қарағанды облысы аумағындағы «Қарағанды-Балқаш» тас жолы қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы үшін жол жабылған болатын. Оған себеп - көктайғақ.

Соңғы жаңалықтар