11:26, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Австриядан әкелінген ауру малдың шығынын жеткізуші шетелдік компания өтейді - А.Мамытбеков
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Австриядан әкелінген ауру малдың шығынын жеткізуші шетелдік компания өтейді.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков БАҚ өкілдеріне мәлім етті.
«Австриядан әкелінген малдың ауруы карантин кезінде анықталды. Карантиннен өтпей бұл малдың иесі жеткізуші болып саналады. Оны шетелдік компания әкелген және барлық шығынды солар өтейтін болады. Қазіргі уақытта бұл малдан аурудың екі түрі табылып отыр. Олардың барлығы жойылады», - деді министр.