ШҰҒЫЛ: Автомат асынған екі шекарашы шекара қарауылынан кетіп қалды - Жамбыл облысы ІІД

ТАРАЗ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Калашников автоматтары бар екі шекарашы өз еріктерімен шекара қарауылынан кетіп қалды, деп хабарлады облыстық ІІД.
None
None

Облыстық ІІД ІІБ жеке батальонының аға инспекторы Асхат Төлендиевтің сөзіне қарағанда, өткен сейсенбіде өңірлік ІІД жол полиция қызметкерлері облыс орталығына кіре берісте «Ауди-100» маркалы көлікке мінген азаматтық формадағы екі күдіктіні анықтады. Тексеріс кезінде көліктің жүксалғышынан Калашников автоматтары салынған спорттық сөмке табылды. «Күдіктілер сөмкені жұлып алып, қашпақ болғанымен, екеуін де «Боран-10» патрульді-қарауыл қызметкерлері ұстады», - деді А. Төлендиев.

Кейін анықталғандай, ұсталғандар Мерке ауданында орналасқан ҚР ҰҚК-нің №2035 әскери бөлімінде контракт бойынша қызмет еткен. Олар сол күні шекара қарауылын күзутуге барғанымен, көп ұзамай ол жерден өз еріктерімен кетіп қалған. Шекарашылар облыс орталығына қандай да бір құжатсыз барған. Екі Калашников автоматын өздерімен бірге алып жүріп, отбасылық жағдайға байланысты кетіп қалғандарын айтып ақталуда.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, екі шекарашының біреуінің әйелі ауырғандықтан, олар шекара қарауылынан өз еріктерімен кетіп қалған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар әскери бөлім басшылығының бақылауында, олар 2 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар