ШҰҒЫЛ: Бакуде лаңкестіктің алды алынды

БАКУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Әзірбайжанның ұлттық қауіпсіздік министрлігі Бакуде жоспарланған лаңкестіктің алдын алды.

ШҰҒЫЛ: Бакуде лаңкестіктің алды алынды

Бұл туралы ӘР ҰҚМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің жедел-іздестіру шараларының барысында қоғамдық қайраткерлерге қастандық жасауға дайындалған қылмыстық топ әшкереленді. Олар лаңкестік әрекетін ұйымдастырып, сонымен қатар оқ қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жабдықтар сияқты қауіпті заттарды сатып алған және басқа да қылмыстарды ұйымдастырумен  айналысқан деген айыппен ұсталды.

Әзірбайжанның азаматы Алиев Расим Фарилоглы,Гусейнов Али Алихамзаоглы, сондай-ақ Ардебиль қаласы мен Иранда тұратын Дадашев Балагардаш Алисафаоглы қарақшылық, кісілерді ұрлау және тонау сиқты қылмыстары үшін іздеуде жүрген қылмыскерлер, олар басқа да адамдармен алдын ала сөз байласып, қоғамдық қызметпен айналысатын қайраткерлерге қастандық жасамақ болған.

ҰҚМ-нің жедел шаралары нәтижесінде Расим Алиев пен Али Гусейнов өздерінің жоспарлаған лаңкестік әрекетін іске асыра алмай, қолға түсті.

ҰҚМ-нің бас іздестіру басқармасы ӘР ҚК-нің 28, 277 бабы (қылмысты дайындау, мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне қастандық жасау (лаңкестік акт), 206.3.2 бабы (қылмыстық топтың алдын ала келісім бойынша контабандамен айналысуы) және 228.2.1 (оқ қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, оқ қаруын тасымалдау немесе ұстап жүру,  сонымен қатар оқ-дәрі, жарылғыш заттар сияқты қауіпті заттарды өзімен бірге алып жүру) қылмыстық ісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады.