ШҰҒЫЛ: Белгісіз адамдар «Ынтымақ» шекара бекетіне шабуыл жасады, кездейсоқ адам оқ тиіп, көз жұмды - ҚР ҰҚК ШҚ
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Белгісіз бес адам «Ынтымақ» шекара бекетінің лейтенантына шабуыл жасады, деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінен.
Жексенбі, 24 маусым күні сағат 17:30-да Оңтүстік Қазақстан облысының Көктерек елді мекенінде Сарыағаш шекара жасағы «Ынтымақ» бекетінің лейтенантына бұзақылық шабуыл жасалды.
Белгісіз бес адам офицердің қасына көлікпен келіп, оған шабуыл жасап, соққыға жықты, тапаншамен қорқытып, көлікке күштеп отырғызғысы келді.
Шабуылды тоқтату және өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында офицер қару қолданды: аспанға және көлік дөңгелектеріне ескерту оқ атты. Көлікті тастап кеткен шабуылшылар оқиға орнынан іздерін жасырды. Тексеру кезінде көліктен шолақ мылтық табылды.
Қаруды қолданудан кездейсоқ өтіп бара жатқан бір адам зардап шекті - жергілікті тұрғынға оқ тиіп, ол ауруханада көз жұмды.
Офицер түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, шабуылдаушылардың тұлғаларын анықтау және оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.