ШҰҒЫЛ: Иса Ақбербаев бокстан үшінші рет ауыр салмақтағы Құрлықаралық әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Украинаның  Бровари қаласында Халықаралық бокс ұйымының (ІВО) Құрлықаралық әлем чемпионы Иса Ақбербаев өз атағын сәтті қорғап шықты.
None
None

  Онда  29 жасар алматылық  37 жастағы аргентиналық Мауро Адриан Ордиалесті 12 раундтық жекпе-жектің 3-раундында техникалық нокаутпен ұтты. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 10-ыншы кездесуі болатын. Қарсыласына бірде-бір рет жеңіс тізгінін ұстатпаған қазақстандық осымен жетінші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап отыр. 

2010 жылы 4 қарашада Германияның Берлин қаласында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Азия бокс өкілдігінің чемпионы, ал 2011 жылы 36 наурызда Ресейдің Екатеринбор қаласында бос тұрған Халықаралық бокс ұйымының Құрлықаралық әлем чемпионы  атағын жеңіп алған И.Ақбербаев өз атағын тағы екі рет қорғайтын болады. Одан кейін Халықаралық бокс ұйымының ағымдағы Әлем чемпионымен жұдырық түйістірмекші. Ал 1975 жылы 17 қаңтарда Буэнос-Айрэс қаласында өмірге келіп, 27 жасында кәсіпқой бокстан өз бағын іздеген  Мауро Адриан Ордиалестің бұл 38-ші кездесуіндегі  10-ыншы, оның ішінде нонаутпен 9-ыншы рет жеңіліс табуы болып отыр. Бұған дейін  28 рет жеңіске жеткен ол 2011 жылы 12-қарашада Польшаның Гдиниа қаласында Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) Құрлықаралық чемпионы атағына үміткер болғанымен, Павел Колодpиежден техникалық нокаутпен ұтылған еді.

Соңғы жаңалықтар