ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысында ірі жол-көлік апаты орын алды - 15 адам қаза тауып, 3-уі жарақаттанды

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  8 мамыр күні сағат 01.15-те Қарағанды облысының Шет ауданында «Алматы - Екатеринбор» тас жолының 743 шақырымында «КамАЗ» бен «Ssang Yong» маркалы шағын автобус соқтығысты.
None
None

Жол-көлік апатының салдарынан шағын автобустың 14 жолаушысы мен жүргізушісі - Қырғызстанның азаматтары (жеке тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Шағын автобустың тағы да екі жолаушысы мен «КамАЗ» жүргізушісі түрлі жарақаттармен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.

 Апат орнына Шет ауданы ТЖБ-нің 3 адамы мен 2 техникасы және ҚР ТЖМ «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар