Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҰҒЫЛ: Қарағандыда әскери қызметкер өзін-өзі атып өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ҚР Қорғаныс министрлігінің №31775 әскери бөлімінің 33 жастағы командирі атылып қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

ШҰҒЫЛ: Қарағандыда әскери қызметкер өзін-өзі атып өлтірді

Қаза болған адамның әріптестерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға оның үйінде болған. Әскери қызметкер өзін-өзі атқан.

«Жүрегінен ауыр жарақаттанған азамат ауруханаға жеткізілді, ол онда есін жимаған күйі жан тапсырды», - деп хабарлады 31775 әскери бөлімінен.

Танк бөлімшесінде істеген әскер қызметкердің мұндай қадамға бару себептері әзірге белгісіз. Алдын ала ақпарат бойынша, оқ атылған қару ішкі істер органдарында оның атына тіркелген.