15:36, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Көкшетауда зейнеткер алаяқтың ұялы телефонына 50 мың теңге лақтырған
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Көкшетауда ұялы телефондарды қолданумен жасалатын алаятық оқиғалар қайта өршуде, деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Мәселен, тек екі күннің ішінде - ағымдағы жылдың 5-7 мамыры аралығында қаланың аумағында алаяқтық бойынша 10 факті тіркелді, үш жағдайда алаяқтар пиғылдарын жүзеге асырды. Ұялы телефон алаяқтарының арбауына көбіне зейнеткерлер түседі.
Қылмысты жасау сызбасы қарапайым - белгісіздер қарттардың ұялы телефондарына хабарласып, олардың туыстары полицияға түскендігін айтады. Оларды босату үшін ақша талап етеді. Осылайша, зейнеткерлердің бірі алаяқтың ұялы телефонына 50 мың теңге салған.