ШҰҒЫЛ: ҚР Премьер-Министрі бюджет қаржысының игерілмегендігі үшін бірқатар вице-министрлер мен лауазымды тұлғаларға сөгіс жариялады

«Біз өткен аптада сіздермен Үкімет отырысында бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша өткір әңгіме өткіздік. Қазірдің өзінде біз Парламентке енгізген бюджетті нақтылау бойынша шешімдер қабылдау барысында бұл басты мәселелердің біріне айналып отыр. Мен бюджет қаражатының игерілмеуіне жол берген лауазымды тұлғаларды жазалау туралы ұсыныс енгізуді бірінші басшыларға тапсырдым. Мұндай ұсыныстар енгізілді. Сондықтан мен бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша денсаулық сақтау вице-министрі Тәкежановқа, ауыл шаруашылығы вице-министрі Толыбаевқа сөгіс жариялаймын. Сонымен бірге бірқатар комитеттердің төрағалары мен басқа да лауазымды тұлғалар жазаланды»,-деді С. Ахметов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Жамбыл мен Павлодар облыстарының әкімдеріне қаржы және бюджет қаражаты мәселелерімен айналысатын орынбасарларына сөгіс беруді әрі ол жайында бүгін кешке дейін Үкіметке хабарлауды тапсырды.