ШҰҒЫЛ: Лаңкестерді қарусыздандыру операциясы жүріп жатқан Құлсары қаласында қаза тапқандар бар

АТЫРАУ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атырау қаласының Құлсары қаласында жорамалданып отырған лаңкестерді қарусыздандыру операциясы жалғасуда.

ШҰҒЫЛ: Лаңкестерді қарусыздандыру операциясы жүріп жатқан Құлсары қаласында қаза тапқандар бар

Түрлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылған операция барысында кем дегенде екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды.

 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында зардап шеккендердің бар-жоғы, сондай-ақ лаңкестердің қарулы қарсылық көрсету-көрсетпеуі  туралы ақпарат жоқ.

 Болған оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тағы бір пәтерге шабуыл жасау басталды. Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, онда жорамалданып отырған лаңкестер отыр.

 Құлсары - Атырау облысындағы ауданға бағынышты жалғыз қала. Ол Атырау қаласынан 220 шақырым жердегі Жылыой ауданының орталығы. Аумағында «Теңізшевройл» компаниясы жұмыс істеп жатқан ірі Теңіз мұнай және газ кен орны бар.