16:39, 25 Қараша 2011 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Лондонда қазақ спортшысы Біржан Жақыпов Үндістан спортшысынан 15:7 есебімен басым түсті
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Лондонда қазақ спортшысы Біржан Жақыпов London Boxing International Invitational турнирында Үндістан спортшысы Сингх Амендиптан 15:7 есебімен басым түсе отырып, тестілік олимпиадалық турнирда жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бүгін Лондон шаршы алаңында Дариға Шәкімова үнділік спортшымен, Самат Башенов ағылшын боксшысымен бақ сынасады.
Жеребеге сәйкес, 26 қараша күні жартылай финалда Василий Левит Ирландия өкілімен өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Біржан Жақыпов тайландық былғары қолғап шеберімен жарыс алаңына шығады.
Турнирдың ақтық сыны 27 қараша күні болады.