Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҰҒЫЛ: Мемлекеттік айыптаушы «Сары Бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы А. Фоминді 10 жылға соттауды сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермаханов Талдықорған әскери гарнизонының судьясы Ержан Абдуллиннан «Сары Бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фоминді жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 10 жылға соттауды сұрады.

ШҰҒЫЛ: Мемлекеттік айыптаушы «Сары Бөктер» шекара заставасының бұрынғы басшысы А. Фоминді 10 жылға соттауды сұрады

Айта кетейік, Алексей Фоминге қатысты қылмыстық іс 7 маусымда қозғалған болатын, кейін ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа іс 2012 жылдың 31 қазанында түсті.

А. Фоминге ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, ол биылғы жылы мамырдың 28-і мен 30-ы аралығында «Арқанкерген» шекаралық бекетімен байланыстың болмағанын Үшарал шекара заставасының басшылығынан қасақана жасырғаны және оның себептерін анықтау мен қалпына келтіру бойынша шара қолданбағаны үшін, оқ-дәрілерді сақтағаны және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда.

Өткен аптаның дүйсенбі мен сейсенбі күндері куәгерлер сұралды. Сондай-ақ Үшарал шекара жасағының бұрынғы басшысы Сержан Нұржановтан да түсінік алынды.