ШҰҒЫЛ: Министрлер мен әкімдер жазаланатын болады - Үкімет басшысы

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мәселелеріне арналған Үкіметтің арнайы отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мемлекеттік орган басшылары мен облыс әкімдерінің жазаланатынын ескертті.

ШҰҒЫЛ: Министрлер мен әкімдер жазаланатын болады - Үкімет басшысы

«Қазіргі жағдай жылдың соңына дейін өзгермесе, мен Президенттің атына бірінші басшыларды, оның ішінде министрлер мен әкімдерді жазалау туралы ұсыныстарды енгізу мәселесін қарастырамын»,-деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Осы орайда С. Ахметов Елбасы Н. Назарбаевтың берген барлық тапсырмаларын сапалы түрде орындау жұмысына баса назар аударуды тапсырды.