ШҰҒЫЛ: Риддер-Сокольский кен орнында төтенше оқиға орын алып, 1 адам қаза болды

ӨСКЕМЕН. 4 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 қараша күні, таңғы бестер шамасында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының орталығынан 3 шақырым жерде орналасқан «Altyntau-Vostok» ЖШС «Орталық» кенінің 13- қабатында суландырылған тау массасы атылды.

ШҰҒЫЛ: Риддер-Сокольский кен орнында төтенше оқиға орын алып, 1 адам қаза болды

Сол уақытта онда 5 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың біреуі қаза болды, екеуі алдын ала медициналық болжам бойынша, жеңіл жарақат алған, деп хабарлады «Қазцинк» компаниясынан.

«Үлкен өкінішпен бір қызметкеріміздің қаза тапқанын хабарлаймыз. Тағы бір кеншіні іздеу жалғастырылуда. Ол осы учаскеде болуы тиіс де топшылаймыз. Шұғыл көмек көрсету үшін Өскеменнен реаниматологтар бригадасы бар тікұшақ келді», - деп жазылған ресми хабарламада.

«Қазцинк» ЖШС-те болған жағдайға байланысты ішкі зерттеу жүргізу басталды, оқиға орнына компанияның басшылығы шықты.

Зардап шеккендердің туыстары үшін +77057987710 шұғыл телефон нөмірі жұмыс істейді.