ШҰҒЫЛ: Румыниядан Қазақстанға «ALUA Terminal» ЖШС бұрынғы бас директоры экстрадицияланды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Бас прокуратураның ұсынысы бойынша 7 сәуірде Бухарестен Алматыға Қазақстан азаматы Ренат Қарасартов экстрадицияланды.
None
None

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен (ұйымдасқан топпен жасалған экономикалық контрабанда) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін іздеуде жүрген болатын.

33 жастағы Қарасартов «ALUA Terminal» ЖШС бас директоры бола жүріп, 2005 жылы «Қорғас» кеден бекеті және өзі басқаратын мекеме қызметкерлерінен құралған қылмыстық топтың құрамында декларация жасамай немесе дұрыс емес декларациялай отырып, Республиканың кедендік шекарасы арқылы ірі көлемдегі тауарлар партиясын контрабандалық жолмен алып өткен.

Румынияның экстрадициялау туралы оң шешімі біздің мемлекеттер арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы тиісті халықаралық келісімдердің болмауына қарамастан, өзара келісім қағидасымен жүзеге асты. Бұрын осы қағида негізінде Испания, Португалия, Швеция биліктері жасырынып жүрген біздің еліміздің азаматтарын берген болатын. Осы фактілерді қазақстан-еуропалық құқықтық ынтымақтастығы кеңеюінің куәсі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстан құқықтық жүйесіне сенімнің артуы ретінде бағалауға болады.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар