ШҰҒЫЛ: «Сары бөктер» шекара заставасының басшысы А. Фоминге қатысты үкім сәрсенбі күні шығарылатын болады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған әскери гарнизонының әскери соты залында тараптардың жарыссөздері өтті.
None
None

Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермаханов судья Ербол Абдуллиннан Алексей Фоминді 10 жылға соттауды сұрады.

«Сары бөктер» шекара заставасы бұрынғы басшысының қорғаушылары А. Фоминді кінәлі емес деп айтуда.

А. Фомин де өзінің кінәлі еместігін алға тартуда.

А. Фоминге қатысты үкім сәрсенбі - 12 желтоқсан күні, сағат 10.00-де жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар