ШҰҒЫЛ: ШҚО-ның қаржы полициясы Өскемен кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қанат Башировты қамауға алды

ӨСКЕМЕН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарта - ШҚО қаржы полициясы пара алды деген күдікпен қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Қанат Башировты қамауға алды.
None
None

Бұл туралы бүгін аймақтық экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінде өткен брифингте белгілі болды.

Жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасының бастығы Бейбіт Сиқымбаевтың ақпаратынша, шенеунік жұмыс орнында ұсталды.

Қаржы полициясынан хабарлағандай, оларға Қ.Баширов «ерекше қамқорлығы» үшін бір жарым миллион теңге көлемінде ақша талап етті деп жергілікті кәсіпкер шағымданды.

Қ.Баширов уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша, ол 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар