ШҰҒЫЛ: Шымкент түбінде қаза болған 21 адамның жеке басы анықталды
ШЫМКЕНТ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шымкент түбінде қаза болған 27 адамның 21-нің жеке басы анықталды.
Бүгін 16 адам жерленді, барлығының мүрделері жабық мырыш табытқа салынған.
Еске сала кетейік, әуе апаты 25 желтоқсан күні орын алды. Ұшақ Шымкент әуежайына 20 шақырымдай жетпей қалды, жерге соғылған соң Ан-72 өртенді. 27 адам қаза болды, оның 20-сы әскери қызметшілер 7-уі экипаж мүшелері. Апат себептерін арнайы ведомствоаралық комиссия анықтауда. ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев ұшақтың ауыр метеожағдайда ұшқанын атап өткен болатын.