Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҰҒЫЛ: Шымкентте полиция қызметкеріне шабуыл жасалды - бір адам ұсталды

ШЫМКЕНТ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған, бұған дейін істі болған 54 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды,

ШҰҒЫЛ: Шымкентте полиция қызметкеріне шабуыл жасалды - бір адам ұсталды

деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

 Келіспеушілік қала аудандарының бірі - «Ворошиловка» кентінде орын алды. «Ұрлық пен тонау әркеттері үшін іздеуде жүрген 21 жасар ер адамды іздестіру жұмыстары өткізілді. Ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, туыстарын көмекке шақырған. 10-нан астам адам ішінде әйелдер де бар, полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

«Олар 27 жастағы капитан мен 26 жастағы полиция сержантына дене жарақатын салған. Полиция қызметкерлерін ұрып, бір үйдің ауласына сүйреп кіргізген. Сол жерде шабуыл жасағандардың бірі кісенді балтамен шауып, күдіктіні босатқан, ал ол  ізін жасырған», - деді С. Қаракөзова.

Қашып кеткен азамат 4 күннен кейін қолға түсті, полиция көп ұзамай шабуыл жасағандардың бірі - бұған дейін істі болған 54 жастағы ер адамды ұстады. Бұл факті бойынша «билік өкіліне жәбір көрсету» және «билік өкіліне қатысты күш қолдану» бапатарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.