ШҰҒЫЛ: Жалалабадта қырғызстандық оппозицияның көп адам қатысқан жиыны өтіп жатыр

Оқиға орнына барған тілшіміздің берген мәліметіне қарағанда, қаланың орталық алаңында шамамен 4-5 мың тұрғын жиналған. Акцияны оппозициялық партия «Ата-Жұрт» (Отчизна), «Бүтін Қырғызстан» (Единый Кыргызстан) және Қырғызстанның коммунистер партиясы ұйымдастырып отыр.
Жогорку Кенеш депутаты, «Ата-Жұрт» фракциясының көшбасшысы Камчибек Ташиев жергілікті БАҚ-ға мәлім еткендей, митингіге 10 мыңнан астам жақтастар жинау жоспарлануда. Дегенмен шара бейбіт түрде өтеді. Қырғызстандық оппозицияның негізгі талаптары - үкіметтің отставкаға кетуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес және президенттік басқару формасына көшу. Бұған дейін де оппозиция осыған ұқсас акцияны Қырғызстанның оңтүстігіндегі қалаларда, Ошта 1 наурызда және Бәткенде 31 мамырда өткізген болатын.