Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҰҒЫЛ: Жаңаөзендегі тәртіпті қалпына келтіру үшін қарулы ішкі әскер кіргізілді

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жаңаөзен қаласындағы тәртіпті қалпына келтіру үшін ішкі әскер мен қосымша полиция бөлімшелері тартылды.

ШҰҒЫЛ: Жаңаөзендегі тәртіпті қалпына келтіру үшін қарулы ішкі әскер кіргізілді

Бұл туралы бүгін елордада шұғыл брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Тәртіпті қалпына келтіру үшін Жаңаөзен қаласына қарумен және арнайы техникамен жабдықталған ішкі әскерлер мен полицияның қосымша құрылымдары тартылды», - деді Н.Сүйіндіков. Ресми өкілдің атап өтуінше, барлық негізгі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар күшейтілген күзетке алынды.