ШҰҒЫЛ: Жанар-жағармай стансысында 2 адамды атып өлтірген күдікті ұсталды - Атырау облысы

АТЫРАУ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2 адамды атып өлтірген күдікті ұсталды.
None
None

Жанар-жағармай стансысына келген 20 және 21 жастардағы жас жігіттер 30 қараша күні ауыр жараланған болатын. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады, екуі де естерін жимастан жан тәсілім етті.

«Бұл қылмысты жасауда күдікті ретінде Құлсары қаласының тұрғыны, марқұмдардың туысы ұсталып, уақытша ұстау мекемесіне орналастырылды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оны мұндай қылмысқа нендей себептер итермелегенін анықтауда», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар