ШҰҒЫЛ: Жаркентте 3-4 балдық қуатпен жер сілкінді
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Жаркент қаласында қуаты 3-4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.
Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша, бүгін сағат 13:26-да жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жерде байқалды. Оның әсері Жаркент қаласында 3-4 балл көлемінде сезілді. Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.