Швеция азаматы өзінің туған күнін тойлау үшін 1800 литр алкоголь сатып алды
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Швеция соты бірнеше мың литр алкогольді ішімдіктер контрабандасы үшін айыпталған ер адамды ақтады. Күдік білдірілген жігіт оның Германиядан әкелген ішімдіктері өзінің туған күніне орай өткізілетін кешке арналғанын дәлелдей білді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Кеденшілер 20 жасар жігіттің 1600 литр сырасын, 30 литр күшті спиртті ішімдіктерін, 50 литр әлсіз алкогольді газдандырылған ішімдіктерін, 12 литр шарабын және 48 литр күшті сидра ішімдігін тәркілеген болатын. Мұның бәрін ол ел аумағына жүк мәшинесінің қорабына тиеп әкелген.
Билік өкілдері жігіттен ішімдіктермен алып-сатарлықпен айналысады деп күдіктенген, алайда ол өзінің туған күнін тойлау үшін жүз қонақ шақыратынына және ішімдіктердің қонақтарға арналғанына судьялардың көзін жеткізді. Сот оған тәркіленген алкогольді алып кетуіне рұқсат етті.