Швеция шекарада төлқұжатты бақылауды енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция елге келетін босқындардың санын шектеу мақсатында шекарада төлқұжатты бақылауды енгізді. Бұл туралы Al Jazeera хабарлады.
None
None

Елге Даниядан автобус, пойыз немесе пароммен келетіндердің құжаттарын тексереді. Тиісті құжаттары болмағандар қайтарылады.

Босқындарды қабылдаған Швеция олардың келуі рекордтық көлемнен асқанын және олар оны бақылай алмайтынын хабарлады. Биліктің айтуынша, олар босқындардың барлығына баспана беруге қауқарсыз. Енді балалары бар жанұяларға басымдық беріледі.

9,5 миллион тұрғыны бар елге өткен жылы 160 мың босқын келді. Олар - негізінен Сирия, Ирак және Ауғанстаннан келгендер.

Өткен жылы Швецияға барғандардың шамамен 80 пайызында төлқұжат немесе оны ауыстыратын жеке куәлік болмады.

Сонымен қатар, шекарадағы бақылау шешімін құқық қорғаушылар сынға алды. Олардың пікірінше, бұл босқындардың пана табуын шектейді.

Өткен жылдың қарашасында Швеция осыған ұқсас шара енгізген.

2015 жылдың басынан Еуропаға барлығы 800 мыңнан астам босқын келді. Негізінен Сирия, Ирак, Ливия, Ауғанстаннан келгендер. Бірқатар еуропалық ел босқындарды қабылдау лимиті таусылғанын айтты. Кейбіреулері соңғы айларда шекарадағы бақылауға қосымша шаралар енгізді, деп хабарлады Лента.ру.
Фото: Michal Fludra / Zuma / Global Look

Соңғы жаңалықтар