00:16, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Швед ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты Томас Транстрёмер дүниеден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швед ақыны, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Томас Транстрёмер дүниеден өтті, ол 83 жаста болатын, деп хабарлады Би-Би-Си.

Оның мистикалық және қайғылы өлеңдері 60 тілге аударылған. Транстрёмерді Нобель сыйлығымен марапаттаған Швед Корольдік ғылым академиясы ақынның өз шығармаларында ерекше образдарды жасай білгенін атап өткен болатын.
Транстрёмер 1990 жылы ауыр инсульт алып, одан кейін сөйлеу қабілетінен ішінара айырылған еді.
Оның қайтыс болу себебі айтылмаған.