Швецияда НАТО Сыртқы істер министрлерінің отырысы аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — 21-22 мамыр күндері Швецияның Хельсингборг қаласында НАТО елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің ЕО-дағы меншікті тілшісі. 

НАТО-ның бұрынғы шенеуніктері: АҚШ-тың альянстан шығуы екіталай
Фото: Анадолы

Бұл Швецияның 2024 жылғы наурызда Альянсқа қосылғаннан кейін қабылдаған алғашқы осындай деңгейдегі іс-шарасы болды.

Кездесуге НАТО Бас хатшысы Марк Рютте жетекшілік етті. Саммитке Альянстың 32 мүшесі елдердің сыртқы істер министрлері, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысты.

Министрлер 2026 жылғы 7–8 шілдеде Анкарада жоспарланған толық масштабты НАТО саммитіне дайындық мәселелеріне басты назар аударды.

Негізгі мәселелерге қорғаныс шығындарын көбейту, 2025 жылғы Гаага саммитінде қабылданған міндеттемелерді орындау, негізгі одақтастар үшін ЖІӨ-нің 5%-ын қорғанысқа бөлу мақсатына көшу, қару-жарақ өндірісін арттыру және Альянстың қорғаныс-өнеркәсіптік базасын нығайту кірді.

Министрлер сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдай мен энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Осыған дейін Франция НАТО-ның Ормуз бұғазындағы миссияға қатысу мүмкіндігін жоққа шығарғаны туралы жаздық.