Алматыда Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM –– Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Швециядан келген профессордың жетекшілігімен күрделі операциялар жасалды.

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Каролинск институтының (Стокгольм, Швеция) профессоры Наузад Салехтің жетекшілігімен 7 пациентке қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру бойынша операция жасалды.

 Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Қолқа – жүректен шығатын ірі қантамыр. Сол қантамыр жұмысында ақау шықса және басқа аурулармен қатар болса, пациенттің жүрегіне ашық операция жасау қауіпті. Мұндай жағдайда қолқа қақпақшасын ауыстыру рентгендік бақылаумен жамбас артериясын тесу арқылы жасалады. Бірақ ең бастысы жүректі тоқтатпай және жасанды қан айналымын пайдаланбай орындалады. Медицинада бұл операцияны ТАVI деп атайды.

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Науқастардың бірі - 87 жастағы Михаил Федорович, қолқа қақпақшасының ауыр стенозына шалдыққан. Оны жүрек тұсындағы ауырсыну, тыныштықта да пайда болатын жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы мазалаған. Ол 1 жыл бұрын ентігу күшейген кезде диагнозын білген. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына еліміздегі жетекші интервенциялық кардиолог Алексей Колесниковқа жүгіну ұсынылған. Операция сәтті өтті.

– TAVI - ең қымбат операциялардың бірі, бірақ пациенттер үшін тегін. Біз халыққа жоғары білікті кардиохирургиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Клиниканың интервенциялық кардиологтарының жоғары кәсіби шеберлігі ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басшысы Марат Пашимов.

Швециядан келген дәрігер 7 қазақстандыққа тегін операция жасады
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Осыған дейін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтынының дәрігерлері ресейлік әріптестермен бірлесіп күрделі жүрек ырғағының бұзылуын емдеуге арналған құрылғының көмегімен бес күнде 30 операция жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар