Швейцария билігі елдегі жалғыз аюды атып өлтірді

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Швейцария билігі елде өзінің биологиялық түрінің жалғыз өкілі болып саналып келген аюды атып өлтірді, деп жазады шетелдік БАҚ-тар.
None
None

М13 атты аю адамдар үшін қауіпті деп табылды. Билік көздерінің мәлімдеуінше, аюды өлтіруден басқа амал қалмаған, себебі, жануар соңғы уақытта елді мекендерден көп көріне бастады. Он күн бұрын аю қысқы ұйқысынан қайта оянып, тұрғын аудандардың маңайынан байқалды. Бұған дейін М13-ті адамдардан қорқуды үйретуге әрекеттер жасалды, бірақ жануар оларды елемеді.

Швейцарияда туылған соңғы аю 1904 жылы өлтірілді. ХХІ ғасырда Италияға Словениядан аюлар әкелінді, кейіннен олардың ұрпақтары Швейцарияға өтті. 2006 жылы ел адам үшін қауіпті кез келген аю атып өлтіріледі деген жоспарды құрды. Бұл актіге сәйкес бірнеше жануардың көзі жойылды.

М13 алғаш рет 2012 жылдың сәуірінде байқалды. Оның М12 және М14 атты ағайындылары болды, бірақ екеуін де көліктер қағып кетті. М13 те пойызбен соқтығысуынан зардап шекті, бірақ тірі қалды.

Соңғы жаңалықтар