Швейцария да пәранжа киюге тыйым салуы мүмкін

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Швейцарияда пәранжа киюге тыйым салу туралы ұсыныс жасалды. Швейцарлық Арау антонының депутаттары осындай ұсыныс енгізіп отыр.
None
None

Жергілікті басылымдарға сілтеме жасап Associated Press агенттігінің хабарлауынша, депутаттар ұсынысты Швейцарияның Мемлекеттік кеңесінің қарауына ұсынуға дауыс берген: 89 адам - қолдап дауыс берсе, 33 адам - қарсы дауыс берген.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 21-інде Франция Президенті Николя Саркози ел үкіметіне қоғамдық орындарда пәранжа мен никаб киюге тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Француз Республикасының басшысы, бет-басты тұмшалайтын кез-келген дәстүрлі киімге тыйым салу керек екенін, себебі ондай киімдер қыз-келіншектерді қорлайтынын мәлім етті. Үкіметке қысқа мерзімнің ішінде заң жобасын әзірлеп, мамыр айында оны парламенттің қарауына ұсыну міндеттелді.

Дегенмен, бірқатар француз сарапшылары, дәстүрлі мұсылман киімдеріне тыйым салу Франция Конституциясына қайшы екенін айтуда. Оған қоса, бұл бастама елде тұрып жатқан 5 миллион мұсылманның наразылығын туғызуы мүмкін.

Пәранжа киюге тыйым салу туралы заң жобасы Бельгия парламентінде де қаралып жатыр. Ағымдағы аптада Бельгия парламентінің төменгі палатасы пәранжа киюге тыйым салған заң жобасын мақұлдады. Аталмыш құжат әйелдерге қоғамдық орындарда беттерін жабатын киіммен жүруге тыйым салады. Егер заң күшіне енсе, заңды бұзушыларды 25 еуроға дейін айыппұл немесе 7 күнге дейін түрме күтіп тұр, деп жазады жергілікті басылымдар.

Соңғы жаңалықтар