Швейцария мақтанышы - Рона мұздығы күрт еріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Еуропада осы жазда болған аптап ыстық мұздықтардың еруін жылдамдатты. Бұл құбылыс Швейцарияда Альпі тауларындағы Рона мұздығына да әсерін тигізді, деп хабарлайды euronews.
None
None

Қар жамылғысы жұрттың көз алдында еріп жатыр. Осындағы үңгірге келген туристер оның қабырғасымен еріген қар  суының қалай ағып жатқанының куәсі болуда.

Лозанна университетінің сарапшысы Кристоф Ламбьельдің түсіндіруінше, әзірге мұздықта қар баршылық, оның өзі ерімеген. Тек қар ғана. Бірақ қар біткенен соң мұзға кезек келмек.

Рона мұздығы ерімес үшін еріктілер оны арнайы оқшаулағыш шүберекпен жабуда. Бұл  Швейцарияның табиғи  байлығын күннің көз қарықтырар сәулесіне қалқан болмақ.

Бұл мұздықты қорғай  ала ма.  Оны уақыт көрсетеді. Ал басқа мұздықтардың жағдай мүшкіл.

Кристоф Ламбьельдің сөзіне қарағанда, енді 20 жылдан соң көптеген шағын мұздықтар жоғалады.

Ал Рона мұздығы болса, соңғы 120 жыл ішінде 1400 метрге кеміген. Әр ыстық болған күні 10-12 сантиметрге қысқарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар