Швейцария АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді өз елінде өткізуге дайын

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцария үкіметі АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеу үшін келіссөздерді өз елінде өткізуге дайын екенін хабарлады, деп жазады ТАСС.

Швейцария
Фото: Pexels

— Швейцария әрқашан өзінің игі істерін ұсынуға дайын, — деді Швейцария СІМ ресми өкілі Мелани Гугельманн.

Гугельман конфедерация «бейбітшілік орнатуға ықпал ететін кез келген дипломатиялық бастаманы қолдауға» дайын екенін айтты. 

— СІМ барлық қатысушы тараптармен байланыста жұмыс істейді, — деп атап өтті ол.

Бұған дейін Axios ақпарат көздері Вашингтон мен Тегеран қарулы қақтығысты тоқтату туралы меморандумға қол қоюға жақын екенін хабарлаған. Олардың пікірінше, бұғазды ашу, Иранның ядролық бағдарламасын шектеу және АҚШ санкцияларын алып тастау туралы келісімнің егжей-тегжейлері бойынша келіссөздер Исламабад немесе Женевада өтуі мүмкін. 

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй Иранмен қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу мүмкіндігіне оптимизммен қарап отырғанын растады.